AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар мен олардың 7 және 1 жасар балалары көз жұмды

Алматы облысында жол-көлік апаты болып, салдарынан бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмды. Оқиға Талдықорған-Үштөбе трассасында болған. Көлікте 30-32 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың 7 жасар қызы және 1 жасар ұлы болған. 

Instagram/ushtobeqz

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының суреттері жарияланды. Онда автор апаттан тек сәбидің аман қалғанын жазған. Көлікте ерлі-зайыптылар мен олардың екі баласы болғаны атап өтілген. 

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Қайғылы апат 18 ақпан күні таңғы уақытта Өтенай елді-мекені маңында болған. 
Subaru Impreza көлігінің жүргізушісі Жансүгіров көшесінің бойымен батыс бағытқа бет алған. Жүргізуші рөлді басқара алмай, ақырында көлік аударылып кеткен. Алған соққының әсерінен көлік өртенген. 



"Ер мен әйел оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен кәмілеттік жасқа толмаған екі бала ауруханаға жатқызылды. Бір жасар бала сонда көз жұмды", - деп хабарланды полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Көлік оқиғасы бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу жүруде. Сараптамалар тағайындады. 

Көп ұзамай, жарақат алған 7 жасар қыздың да қайтыс болғаны анықталды. 

"Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, қыз есін жимастан көз жұмды", - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр