Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың өлі денесі табылды
Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз туралы хабарлама тараған.
Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылықпен өлтірілген 1999 жылы туған қыздың денесі бүгін, 21 тамызда, сағат 16.00-де Еңбекшіқазақ ауданының Өрнек ауылының маңындағы даладан табылды.
"Осыдан бір күн бұрын полицияға туысқандары қыздың жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Полиция іздестіру шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы адам өлтіру бойынша ыактісі ретінде тіркеліп, сараптама тағайындалды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”