Алматы облысында жоғалған қыздар Алматыдағы жалдамалы үйден табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен екі құрбы оқушы қыздар Алматыдан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер қыздарды өткен түні тауып, оларды ата-аналарымен қауыштырған.
"Іздеу шараларының барысында жоғалып кеткен жеткіншектер Алматыдағы жалдамалы үйлердің бірінен табылған. Екеуі де дін-аман. Олар ата-аналарына тапсырылды. Қыздар такси арқылы Алматыға кетіп қалған. Олардың неліктен үйлерінен кетіп қалғандығы анықталуда. Бұған қоса жоғалып кеткен балаларды іздестіруге көмектескен барлық адамдарға алғысымызды айтамыз", - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД-нің баспасөз-қызметі.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр