Алматы облысында жартылай жалаңаш еркек жас қыздың соңына түскен (видео)
Жартылай жалаңаш еркек бір сағат бойы жас қыздың соңынан ерген. Оқиға Талғар қаласының көшелерінің бірінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бойжеткен Сәтбаев көшесінде жартылай жалаңаш еркектің соңынан түскенін байқаған. Алайда оны байқамаған сыңай білдірген. Нәтижесінде қыз үйіне жеткенше ер адам соңынан еріп отырған.
Кадрлардан ер адамның оны видеоға түсіріп жатқанына да мән бермегенін көруге болады.
Қыздың айтуы бойынша, ол есірткінің әсерімен жүрген немесе қандай да бір ауруға шалдыққан.
Қазір қыздың жағдайы қалыпты. Оған психологиялық көмек қажет емес.
Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша өтініш түскенін хабарлады.
"Ұсталды, қамалды", - деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі