Алматы облысында жаппай төбелес салдарынан жасөспірім қаза тапты (видео)
Талғарда бір топ бала төбелесіп, салдарынан жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Желіде Талғардағы дүкен маңында атыс болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 қазанға қараған түні жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан.
Полиция екі зардап шегушінің аудандық ауруханаға жеткізілгенін, олардың біреуі жансақтау бөлімінде мерт болғанын хабарлады. Полиция департаменті атыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді.
"Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Іс бойынша тергеу Алматы облысы полиция басшылығының ерекше бақылауында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар