Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі жетім баланы туған әпкесі мүлкінен айырған

Алматы облысында жетім қалған екі баланы туған әпкесі мүлкінен айырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қадағалау органының хабарлауынша, балалардың үйі және екі жер учаскесі түріндегі мұрасын алимент бойынша қарызы бар қайтыс болған борышкердің туған әпкесі заңсыз иемденіп алған. 



"Азаматша Г. бұл заңсыз әрекетті қайтыс болған балалардың әкесінің мүлкіне билік етуге құқық беретін қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімін қолдан жасау жолымен жасаған. Балалардың құқығын қорғау және олардың болашағын қамтамасыз ету мақсатында берілген облыс прокуратурасының талабы негізінде заңсыз әрекеттердің күші жойылып, мүліктер балаларға қайтарылды", - делінген хабарламада. 

Құжаттарды бұрмалау фактісі бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жіберілді.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев ЛГБТ өкілдерінің жетім балаларды асырап немесе тәлімгерлікке алуына тыйым салатын заңға қол қойғаны туралы жазған едік. 

Талқылау