Алматы облысында үйіне оралған вахта қызметкері әйелін ұрып өлтірді
Алматыда үйіне оралған вахта қызметкері әйелін аяусыз ұрып өлтірді. Ер адамның мұндай әрекетке баруына қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш дерек Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде тіркелген. Анықталғандай, іссапардан келген үйдің отағасы әйелінің – мас, ал балаларының тамақ ішпегенін көрген.
Үйдегі жағдайға ашуланған ол жанжал шығарып, әйелін көзіне шөп салды деп айыптаған. Кейін аяусыз соққыға жыққан. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген әйел есін жимастан көз жұмды.
"Ер адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді Талғар аудандық полициясында.
Ведомствода істі жан-жақты тергеу үшін сәйкес сараптамалардың тағайындалғанын қосып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін үш жастағы баланы өз ағасы ұрып-соққанын хабарлаған едік. Бала сөйлей алмайды және өз бетінше тамақ іше алмайды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді