Алматы облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен екі полицей ұсталды
Алматы облысы полиция департаменті Қонаев қаласында 14 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікті екі азаматтың қамауға алынғанын айтты. Деректерге сай олар оқушымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп, таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы полиция департаменті ағымдағы жылдың 7 қарашасында полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданғанын жеткізді.
“Полиция қызметкерлері кісі зорлады деген күдіктілерді әшкереледі. Сол күні қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 22 және 23 жастағы күдіктілердің жеке басын анықтап, ізін суытпай ұстады. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамаққа алынды”, – делінген хабарламада.
Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетіні жеткізілді.
Еске салсақ, Алматы облысында екі азамат қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсіргені туралы ақпарат тарағаны туралы хабарлаған болатынбыз.