Алматы облысында найзағай соққан баланы дәрігерлер аман алып қалды
Найзағайдан жарақат алған 11 жастағы баланы Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігердері аман алып қалды. Қазіргі таңда емдеу шаралары жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Найзағай соққаннан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған. Қазіргі таңда 11 жасар бала екі апта көлемінде емін жалғастырып жатыр.
"31 шілде күні жедел жәрдем көлігімен найзағай соққысынан жарақат алған 11 жастағы бала түсті. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы орташа ауырлықта болды. Оның арқасын, бел аймағын және сол жақ аяғының төменгі жағын термиялық күйік шалған. Балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бала травматология бөлімінде хаттама бойынша ем қабылдап жатыр", - деді аурухана директорының орынбасары Қалиев Асқар Сәулебекұлы.
Мамандардың айтуынша, шілде-тамыз айларында найзағай жерге жиі соғатынын ескертіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық