Өзін қорғамақ болған: Алматы облысында 55 жастағы әйел мас күйеуін пышақтап өлтірді
Алматы облысында әйелі күйеуін пышақтап өлтірді деп күдіктелді. Қазір күдікті тергеу изоляторына тоғытылды.
4 сәуір күні Шамалған станциясының 57 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Азаматты жүрек тұсынан пышақпен жарақаттаған. Мәйіт өз үйінен табылды. Бұл факт "Адам өлтіру" фактісі бойынша тіркелген.
"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 54 жастағы әйелдің пышақ жарақатын салғанын анықтады. Ер адамның бұрын әйелін бірнеше рет ұрғаны анықталды. Кезекті рет мас болып келген ер адам ас үй пышағын алып, әйелін оятып, ұрып-соғып, буындыра бастады. Шарасыз әйел пышақты жұлып алып, оны қылмыскердің кеудесіне шаншып тастаған", - деп жазды Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев парақшасында.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы қамауға алынып, бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Көкала қойдай сабайды": Қарағандылық келіншек күйеуінен жәбір көргендігін жеткізді