Алматы облысында құрылатын жаңа қалада екі миллион адам тұратын болады
Алматы облысында құрылатын жаңа қалада екі миллион адам тұратын болады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Caspian group
Аймақ басшысы Қонаев және Алматы қалаларының арасында "G4City" жобасын жүзеге асыру қайта қолға алынғанын жеткізді.
“"Бұл бағыттағы алғашқы қадам –арнайы экономикалық аймағын құру. Ол "G4 City" қаласын және Қонаев қаласының бір бөлігін қамтитын болады. "G4 City" қаласы бойынша құны 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, 3,2 трлн теңге салық түсімдері, сондай-ақ 34 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр", – деді Марат Сұлтанғазиев.
- Алматы маңында жаңа қала пайда болады: Оған қай елді мекендер кірмек?
- Астана инновациялық шаһарға айналуы тиіс - Тоқаев
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "G4 City" қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру жұмыстары жүргізілуде.
“Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді. 2050 жылға қарай 2 миллионнан астам адам тұрады деп болжануда”, – делінген мәліметте.
Бұған дейін де Алматы облысында тағы бір қала пайда болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қалаға жатқызу ұсынылды. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға "Алатау" атауы берілмек.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
