Алматы облысында күзетші мониторингтік топтың тексерушілерін қорқытып, оқ атқан
Қапшағай қаласында казино күзетшісі тексеру кезінде атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 18 сәуірде сағат 23:00 шамасында болған.
"Күзетші мониторингтік топтың жұмысына қарсылық көрсетті. Ол атыс қаруынан ауаға бір оқ атқан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ер адам оқиға орнында ұсталып, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, - деді ведомствода.
Қылмыстық Кодекстің "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті Қапшағай полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар