Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырына шығып алған жеткіншектер жұртты шошытты (видео)
Алматы облысындағы көпқабатты үйдің төбесіне шығып алған балалар төменге түсірілді.
Кадрдан бес жасөспірімнің шатырдың төбесіне шығып алғаны көрінеді. Кейбірі отырса, кейбірі еркін жүріп жүр.
Видео авторының айтуынша, оқиға Қаскелеңдегі Алтын айыл ықшамауданында түсірілген. Оқиғаның нақты қашан түсірілгені белгісіз.
Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда көпқабатты үйдің 10-қабатының балконында отырған балалардың суреті пайда болды. Алматы полициясы ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізілетінін айтты.
«Бейнежазба Қарасай АПБ-не жіберілді. Полиция шатырда ойнаған жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын іздестіруде. Видеоның кейіпкерлері анықталғаннан кейін заң бойынша шаралар қолданылады», - деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр