Алматы облысында қар басқан трассадан кішкентай бала табылды
Белгісіз баланы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы тас жолдан Mazda автокөлігінің жүргізушісі тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам баланы туыстары тануы үшін видео түсіріп, оны интернетке орналастырды.
"Елестетіп көріңізші, мен қазір жолда келе жатып, бала таптым. Бір өзі жол жиегінде тұрды. Айналасында ешкім жоқ. Міне, қараңыздар. - Әкең қайда? - Ана жерде. - Онда ешкім жоқ. Қазір қараңғы түседі. Қасқыр шабуыл жасайды, не істейсің? Бетіңді көрсет, әкең сені тануы керек. Міне, қызық. Не істеу керек, енді? Сені әкімдікке апарамын ба? Мен сені алып кетемін, жарай ма?", - дейді ер адам.
Ер адам баланы танығандардан тиісті органдарға хабарласуды сұрады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді