Үшеуі балалар: Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам көз жұмды
Алматы облысында Алматы – Бішкек тасжолында ірі жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Shacman жүк көлігі Бішкек бағытында жүріп келе жатқан. Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, қарама-қарсы келе жатқан Mazda 626 әрі-бері қозғалып, кенет дөңгелегіне келіп соғылған. Қатты соққыдан дөңгелектері ұшып кетіп, Shacman жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.
Жеңіл көлік жол-көлік оқиғасынан кейін танымастай күйге түсті. Mazda 626 және Shacman жұк көлігі Алматы – Бішкек тасжолының 84-километрінде соқтығысты. Жол апатынан 5 адам көз жұмып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Көз жұмғандардың үшеуі бала екені белгілі.
"Жалақы көтеріліп, түнгі жұмысқа үстеме ақы қосылады": 1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Ең үлкен өзгерістердің бірі теміржол саласында болмақ
92 жастағы қазақстандық алимент өндіру үшін 8 баласын сотқа берді: Баладан алимент алу тәртібі қалай жұмыс істейді
Егер тараптар өзара келісімге келе алмаса, алимент мөлшерін сот белгілейді