Алматы облысында ер адам інісін пышақтап өлтірген
Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Анықталғандай, ер адамды 52 жастағы ағасы пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінде марқұмның Ақтөбе облысының тумасы екенін, ағасының үйіне қонаққа келгенін мәлімдеді. Дабылдан кейін арнайы топ құрылып, жақын маңдағы елді мекендер тексерілген. Нәтижесінде күдікті көрші ауылдан ұсталған.
"52 жастағы ер адам марқұмның ағасы болып шықты. Ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, інісін өлтіріп тастаған. Күдікті қазір қамауға алынды. Аталған дерек бойынша барлық сараптама тағайындалды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша жүріп жатыр", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ оқиға орнынан қылмыс кезінде қолданылған пышақ табылған.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады