Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі ер адам зооқорғаушыға шабуыл жасаған (видео)

Алматы облысында екі ер адам зообелсендіге шабуыл жасаған. Мұны жануарлардың құқығын қорғаушы Салтанат Тәшімова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Қаскелеңде белгісіз екі ер адам Гүлжан есімді зообелсендіні ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Олардың жанында тағы бір әйел болған көрінеді.

“Үш адам стерилдеу және вакцинация үшін ұстап алынған иттердің кураторы Гүлжанға шабуыл жасады. Олар қайтып келіп, иттерді тепкен. Иттерге қауіп төніп тұр. Гүлжанға көмектесу үшін Қаскелеңге бардық, оны ұрып-соққан екі ер адам мен бір әйел полиция келгенше қашып кетті. Жедел жәрдемді жарты сағат күттік”, – деді ерікті.

Сөзінше, қаскөйлер стаффорд тұқымды итті Гүлжанға қарсы қойып, шабуылдатпақ болған. Қазір жәбірленуші ауруханада, ол рентгенге түсіп, барлық қажет процедурадан өтті.

Қарасай аудандық полициясы жағдайға түсініктеме беріп, екі ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

“13 наурыз күні Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне Қаскелең қаласының 43 жастағы тұрғыны өзінің денесіне зақым келтірген белгісіз тұлғаға шара қолдануды сұрап арызданған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. 37 және 32 жастағы екі адам ұсталды. Олар қатаң жауапқа тартылады”, – деп мәлімдеді аудандық полиция департаменті.

Полиция департаментінің бастығы істі жеке бақылауына алғанын айтты. 

Талқылау