Алматы облысында деструктивті ағымның жақтаушысы адамды бопсалады деген күдікпен ұсталды
Алматы облысында сот төрелігінен жасырынған деструктивті ағым өкілі адам бопсалады деп күдікке ілінді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдіктіні полицейлер ұстады.
"32 жастағы К.-ны 4 қарашада Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол адамды бопсалағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Күдікті – деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, пышақ мен балта табылды", – делінген хабарламада.
Ұсталған адамның облыс аумағында басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"