Алматы облысында ер адам дауыл салдарынан шатыр төбесінен құлап кетті
Алматы облысында дауыл соғып, үш адам зардап шекті. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, Талдықорған ауруханаларына 1991 және 1968 жылы туған екі адам жүгінген. Олардың денесі көгерген, жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін екеуі де үйлеріне шығарылды.
"Тағы бір жәбірленуші Еңбекшіқазақ ауданындағы ғимараттың төбесінен құлап жарақат алды. Қазір ол Есік ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Науқас есін біледі, жағдайы тұрақты ауыр", - деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Еске салайық, 29 наурызда Қазақстанның бірқатар аймақтарында, Алматы облысында ауа райының күрт өзгерді. Жеке үйлер, ғимараттар, көліктер зақымданып, ағаштар құлады.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады