Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға кезекте тұрған көпшіліктің видеосы тарады
Алматы облысында COVID-19-ға қарсы вакцинациялау кезегіндегі адамдардың көптігі видеоға түсіріп желіде тарады. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінде жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-да вакцинацияға кезекте тұрған көпшіліктің суреті тарап кетті. Әкімдік фотосурет 31 наурызда Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында түсірілгенін растады. Адамдар covid-19 коронавирусына қарсы вакцинацияға келді, деп түсіндірді баспасөз қызметі.
"Бұл жағдай білім беру қызметкерлерін вакцинациялауға байланысты қалыптасты. Қазіргі уақытта барлық ұйымдастырушылық мәселелер реттелді, вакцинация штаттық режимде жүргізілуде.
ЕМБ-да КВЭ-ге қарсы вакцинацияның басталғаны хабарланған сәттен бастап мұндай жағай алғаш рет болғанын атап өткіміз келеді. Қазіргі уақытта барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 800 - ден астам адам егілді", - деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"