Алматы облысында бірнеше ауыл тұрғыны бұзылған жолдарды өздері жөндеуге мәжбүр болды
Алматы облысы Талғар ауданындағы төрт ауыл тұрғындары жергілікті биліктің бос уәделерінен шаршап, өз мәселесін өздері шешті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан скриншот
Бұл бастама бірден бірнеше ауылда қолға алынды. Ауылдар қатарында: Бірлік, Алмалық, Кеңдала елді мекендері мен Талғар ауданының әкімшілік орталығы Талғар қаласы да бар.
Жергілікті тұрғындар көшелермен жүру қиынға соққанын айтады. Жаяу жүргіншілер де, көліктер де жолдағы қиындықтарға тап болған.
Жергілікті тұрғындар өз ауылдарының ең маңызды проблемалық жерлерін жасап, оны видеоға түсіріп алған.
"Кейбіреулер дұрыс түсінбеуі мүмкін. Видео мұндай әрекеттерді насихаттау мақсатын көздемейді. Бұл мүлдем дұрыс емес нәрсе. Бұл видеода жергілікті биліктің жұмыс істемейтіні көрінеді. Мұны әкімдік жасау керек", – дейді видео авторлары.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған