Алматы облысында аурухана қаржысын қолды еткен бухгалтер 7 жылға қамалды
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы орталық ауруханасының бухгалтері 90 миллион теңгені жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото: Alm.sud.kz
Белгілі болғандай, кәсіпкерлер бұл қаражатты аурухананың банктік шотына келісімшарттардың орындалуына кепілдік ретінде салып отырған.
Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, заңда мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына келісімшарт құнының 3%-ын енгізіп, орындалуын қамтамасыз етіп отырған.
Міндеттемелер орындалғаннан кейін бұл ақша кәсіпкерге қайтарылады. Аудандық аурухананың есепшісі ретінде азамат Д. оларды өз шотына аударып, иемденген.
"Талдау аясында Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 миллион теңгеге қатысты бұзушылықтарды анықтады. Бұл сома 25 кәсіпкерге қайтарылуға тиіс. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне өтелді", – деп хабарлады қадағалау ведомствосы.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"