Алматы облысында аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған оқушының жағдайы белгілі болды
Алматы облысында бір қорап аспирин ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдай белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады. Іске қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған.
Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.
"Мақсат - оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру", – дейді басқарма өкілдері.
Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.
"Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында төртінші сынып оқитын бала қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алғаны туралы жазған болатынбыз.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"