Алматы облысында 62 жастағы зейнеткер мектеп оқушысын азғындаған
Алматы облысында 14 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасап, азғындық көрсеткен күдікті ұсталды. Ол 62 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша полицияға арыз 15 ақпанда түскен. Қаскүнем Қарасай ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Сол кезде полицейлердің айтуынша, ол көлікті мас күйінде басқарған. Бұл әрекеті үшін оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Кәмелетке толмаған баланы азғындатқаны үшін айыпталушы қылмыстық жауапкершілік аясында сотталуы мүмкін.
"Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы "жас балаларды азғындату" бойынша қылмыстық тергеу тіркелді.
Тергеу бақылауда және мән-жайлардың жан-жақты объективтілігіне бағытталған шаралар қабылдануда", – деп атап өтті облыстық ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған