Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 49 жастағы ер адам кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 49 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

зорлау

1 қарашада Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғыны арыз жазған. Оның айтуынша, қазан айында белгісіз ер адам қызын зорлаған.

"Бұл факт аудандық полицияда қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі “Кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 49 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ол сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмысты тергеуде толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚК 121-бабының 4-бөлігінің санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Талқылау