Алматы облысы жабылады: Әкімдікте ақпаратқа түсініктеме берді
Алматы облысының әкімдігінде карантиннің күшеюіне байланысты өңірдің жабылуы туралы пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы күндері WhatsАpp мессенджерінде карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Алматы облысы толығымен жабылып, көліктің кіруі мен қозғалысына қатаң шектелетіні туралы аудио-хабарлама таралып жатыр.
"Бұл ақпарат Алматы облысының және тиісінше қала-аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлері қабылдаған қолданыстағы қаулылардың талаптарына сәйкес келмейді", - деп хабарлады әкімдік.
Сонымен қатар ведомствода аталған ақпарат бірінші толқынға қатаң шектеулер енгізілген 2020 жылдың наурыз-сәуір айларына қатысты болды.
Әкімдікте жалған ақпарат таратпауға шақырады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр