Алматы Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшаққа найзағай түсіп, рейс кешіктірілді
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшаққа найзағай түсуі салдарынан рейстің жеті сағаттан астам уақытқа кешіктірілгенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы KS 855 рейсі 8 тамыз күні сағат 19:45-те ұшуы керек еді. Алайда алдыңғы рейс кезінде ұшаққа найзағай түуіне байланысты әуе кемесі бұрын Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша FlyArystan KS 7058 рейсін орындаған компаниялар тобының резервтік ұшағына ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай рейс негізінде 3 сағат 45 минутқа ғана кешігуі керек болған. Алайда жолаушылар одан ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болған.
“Алматыдағы шаңды дауылға, Нұр-Сұлтан әуежайының жабылуына және ұшақтың техникалық ақауына байланысты кешігу уақыты артты. КС 855 рейсі жеті сағат 15 минутқа кешікті. Жолаушылар сусындар мен тамақпен қамтамасыз етілді. Кейбірі басқа рейстерге ауыстырылды. Бизнес-класс жолаушыларына билеттерге 100 долларға ваучер беріледі", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін де Air Astana әуе компаниясының рейстерінің кешігуіне байланысты жолаушылардан наразылық шағымдары түсіп, айыппұл салынған болатын.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды