Алматы облысында жүк пойызы жолаушылары бар көлікті қағып кетті
Алматы облысында теміржол өткелінде жүк пойызы салонында төрт адамы бар Audi көлігін қағып кетті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік неміс көлігі жанып кеткен.
Облыстық полиция Іле ауданындағы Еңбек-Құйған тас жолының бойындағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алғанын хабарлады.
"Соқтығыс кезінде "Audi 100" көлігі өртеніп, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көліктің тағы үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады