Алматы мен Талдықорғандағы Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады
15 ақпанда Алматы мен Талдықорғанда кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа қатысы бар Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсивке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: qazaqoil.kz/ru
АИ-92 маркалы бензин литріне 207 теңгеге, АИ-95 маркалы жанармай 275 теңгеге дейін қымбаттады. Энергетика министрлігі қаңтар айының соңында жариялаған мәлімдемеден кейін баға өсімі алғаш рет тіркеліп отыр.
15 ақпанда түс ауа Алматыдағы Тимирязев көшесінде орналасқан Qazaq Oil жанармай құю бекетіндегі электронды таболда бензин бағасының өзгергенін байқауға болады. Десе де, бекетте кептеліс жоқ. Кассада тұрған қызметкерлер жанармайдың құны сенбіге қараған түні өскенін растады.
Осылайша, АИ-92 маркалы дизель және жанармай 2 теңгеге, 95-ші бензин 4 теңгеге, 98-ші бензин 13 теңгеге қымбаттаған.
Көлігін көгілдір отынға толтыруға келген жүргізушілердің көбі жанармай бағасының өскенін байқамаған. Тіпті бағаның көтерілетінін білген.
“Әу баста-ақ бағаны ақырындап өсіреміз деп айтты ғой. Жыл соңына дейін 50 теңгеге дейін көтереді. Бұл басы ғана, басқалары де кейін көтереді. Қалай өсіріп жатқанын байқайсыз ба, бүгін 2 теңге, келесі апта үш теңгеге көтереді. Халық наразылық білдірмес үшін бірден көтермейді. Жайлап үйретеді. Қазір мен 20 литр бензин құйсам, 40 теңге артық жұмсаймын”, – дейді жүргізушілердің бірі.
Ол келесі жол басқа жанармай бекетінен бензин құйып көрмек.
Осылайша, Алматы мен Алматы облысында АИ-92 бензинінің литрі 207 теңге болды (бұған дейін 205 теңге ). АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 4 теңгеге, яғни, 271 теңгеден 275 теңгеге көтерілді. АИ-98 бензині бірден 13 теңгеге қымбаттап, 297 теңгеден 310 теңгеге жетті. Дизель отынының бағасы 2 теңгеге өсіп, 295 теңгеден 297 теңгеге болды.
Талдықорғанда да АИ-92 маркалы бензин 207 теңгеге, АИ-95 273 теңгеге қымбаттады. Дизель отынының бағасы Алматыдағыдай – 297 теңге.
Бірақ Sinoil, Helios және Royal Petrol жанармай бекеттерінде баға сол күй өзгермеген.
Бұған дейін Қазақстанда АИ-92 бензині 5 теңгеге қымбаттайтыны туралы ескертілген еді.