Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарына коммуналдық қызмет үшін 20 мың теңге берілуі мүмкін
Төтенше жағдайға байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарына коммуналдық төлемге көмек ретінде 20 мың теңгеден берілуі мүмкін.

Бұл жоба қазір электронды үкімет порталы арқылы қоғамдық талқылауда. Нақты шешім 17 сәуірде қабылданады. Ал, жоба мақұлданса, тұрғындардың жеке шоттарына 20 мың теңгеден 3 ай бойы жіберіліп отырады. Бұл мақсатқа бюджеттен 68 млрд теңге қарастырылуда.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің мәліметінше, екі қалада жалпы 1 млн 1 жүз мыңнан аса абонент бар.
Оқи отырыңыз
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.