Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңгеге қайта өтініш беру: Министрлік оны қандай жағдайларда жасау керектігін түсіндірді

42500 теңгеге берген өтінішті қабыл алмаған жағдайда не істеу керек? Қандай жағдайларда қайтадан өтініш беру керек, деп түсіндірді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бірыңғай жиынтық төлемнің уақтылы түспеуіне байланысты жәрдемақыға өтініштер қабылданбай жатыр.

"Кеше және бүгін өтініштері қабылданбай жатқандар жаппай хабарлап жатыр. Шағымданушылардың көбі - бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) кейін төлеген, бейресми жұмыс істеп келген азаматтар. Олар алғашында өтініш білдірген, содан кейін БЖТ төлеген. Сол себепті оларға ақша төлеуден бас тарту туралы хабарлама келуден. Немесе кей кездері банктер дер кезінде аударылған төлемдер жайлы ақпаратты бермей отыр. Бір-екі күн көлемінде кешіктіріліп жатыр.

Егер сіз расымен де табысыңыздан айырылсаңыз, онда 42 500 теңгеге еңбек министрлігінің сайтында қайтадан өтінім жолдай аласыз. Өтініштері қабылданбаған азаматтар дәл қазір қайтадан жәрдемақыға сұратылым жібере алады", - деп жазыпты шенеунік Telegram арнасында. 

Талқылау
Пікір
Берекет Инаятов Әблезұлы
16 Шіл, 20 жыл - 21:55

42500 тенге берілема жұмыссызбын қазіргі уакытта, туракты жумысым жок

janar
13 Шіл, 20 жыл - 21:20

Мен Жаппарова Жаркинай 3 баланын анасымын мен 42500 тг ала аламынба

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр