Алматы мәслихатының отырысында боқтап жіберген депутатқа қанша айыппұл салынғаны белгілі болды
Алматы соты мәслихат отырысында боғауыз сөз айтқан депутат Тимур Елеусізовке қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Депутат "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты депутатқа 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.
"WhatsApp желісі арқылы сот отырысына қатысқан Тимур Елеусізов өз кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, абайсызда сөйлегенін атап өтті", – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының отырысында депутат Тимур Елеусізов баяндама оқып жатып, боғауыз сөз айтқаны туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда