Алматы лифтіндегі оқиға: Дәрігерлер зардап шеккен ер адамның жағдайы туралы айтты
Алматылық дәрігерлер 25-қабаттан құлаған лифт жолаушысының жағдайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам оқиғадан кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Барлық қажетті тексерулер жүргізілгеннен кейін диагноз қойылды. Науқас бас жарақатын алған, желке аймағындағы жұмсақ тіндердің көгеруі және мойын омыртқасының тірек-қимыл аппараты созылған. Ол амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дәулет Чукманов.
Еске салсақ, Алматыдағы Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт жоғары жылдампен қозғалып, үйдің төбесіне соғылған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар