Алматы қаласының қоғамдық кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетін құру туралы шешім қабылдады
"Antikor ortalyǵy" алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлеріне ведомствоның қазіргі жұмысы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етілді.
Отырыста Қоғамдық кеңестің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын жеке комитет құру туралы шешім қабылданды.
Кездесу қатысушыларын қарсы ала отырып, Департамент басшысы Асхат Оразхан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.


Іс-шара соңында қатысушылар комитеттің құрамы мен алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді