Алматы қаласында танымал тұрғын үй кешендерін салған компания басшысы қамауға алынды
Алматы қаласындағы танымал тұрғын үй кешендерін салған компания басшысы мен қызметкерлері қамауға алынды. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматы қалалық полиция департаменті "ҮШ ҚОҢЫР" және "ВЕСНОВКА" тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексерілуде”, – делінген хабарламада.
Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының "Lider Group Consalt" ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады.
Осылайша, күдіктілер Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және прокуратураның бақылауында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"