Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
Алматыда Қытайда болған жер сілкінісінің афтершоктары тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық желіден
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, Алматы қаласында күші 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.
“ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан. Қытай аумағында афтершок байқалды. Сезілгені туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл”, – делінген 22 ақпан түнде тараған ақпаратта.
- "Ешкім 100% кепілдік бере алмайды": Төтенше жағдайлар министрі Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
- "Жаңа үйлердің іргетасы қозғалмалы": Жапонияда тұратын қазақ қызы халық жер сілкісінен қалай сақтанатынын айтты
Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат болмағаны айтылды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0. MPV Магнитудасы – 4.6.
Бұған дейін мамандар Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді екенін айтқан.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”