125 миллион теңге зиян келтірген: Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді.
“Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, бюджет қаражатын жымқырып және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін күдіктеліп жатыр. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 125 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілді”, – делінген хабарламада.
Антикор өзінің бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жариялады
Іс сотқа жіберілген.
Ашық дереккөздерде күдіктінің 2017 жылы Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған Наила Мулюкова екені айтылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында экс-шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлегені туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"