Алматы-Бангкок рейсінде шетелдіктер жанжал шығарып, төбелесті (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматыдан Бангкокқа ұшқан рейсте шетелдіктер төбелесіп қалды. Нәтижесінде төрт жолаушы да рейстен шығарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейстен төрт жолаушы да түсірілді. Олардың екеуі мас күйде болып, жанжал шығарып, соңы төбелеске ұласқан.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, екі жолаушы уақытша ұстау изоляторында қамалды.
Ал ұшақ қалған жолаушылармен жылы жаққа ұшып кетті. Осылайша екі ер адамның демалысы басталмай тұрып аяқталды. Әлеуметтік желілерде оқиға кезінде олардың мас күйде болғаны айтылып жатыр.
“Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді”, – деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта төтенше жағдай болғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді