Алматы аялдамаларында күдікті жарнама пайда болды
Қаладағы қоғамдық көлік аялдамаларында QR коды бар жарнама стикерлер жапсырылған. Оны сканерлеген кезде "ҚХБ Инвест" деген күмәнді парақша ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Алаяқтар халықты Ұлттық банкпен бірге табыс табуға үгіттейді. Қаржы мекемесінің бұрынғы төрағасының аты-жөні қолданылып, Қазақстанның табиғи ресурстарына инвестициялауға және табысқа қол жеткізуге шақыратын басқа тұлғаның суреті көрсетілген.
Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, бұл хабарландыру еш жерде тіркелмеген. Демек рұқсат етілмеген жарнама. Оның қаржылық пирамидаға қатысы бар-жоғын анықтау үшін әкімдік қызметкерлері полицияға жүгінген.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан