Қаңтар оқиғасына қатысты дау: Журналист сот залында тұтқындалды (видео)
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған журналист Әйгерім Тілеужан сот залында тұтқындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ешқандай жаңа Қазақстан жоқ. Істеп отырғандары әділетсіздік. Жақында берген сұхбатымда Асыловты (Бас прокурор – ред.) ақтау үшін бұлар бізді соттайды деп айтқанмын. Міне, соттады", - дейді ол.
Үкім оқылған соң сотталушылардың жақтастары мен күштік құрылым қызметкерлері арасында дау туындады. Наразылық әлі де жалғасуда. Наурызбай аудандық соты ғимаратына арнайы жасақ әкелінген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі