Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыс: Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер кілтін табыстады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында қала әкімі қаза тапқан полицейлердің отбасына тағы да көңіл айтып, олардың әйелдеріне пәтер кілтін табыстады. Алматы әкімдігінің бастамасы сот шешімін орындау бойынша қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларын қолдау мақсатында қабылданды. 

Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды. 

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. 

Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста. Байғазиевтің отбасы сияқты оның да жеке тұрғын үйі болған жоқ. 



Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте мегаполистегі шағын аудандарының бірінде үй иесі Игорь Дужнов аңшылық мылтықтан үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген адамдарға оқ жаудырды. Алматылық мерген бес адамды өлтірді. Қаза болғандардың арасында екі полиция қызметкері мен сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі және куәгер бар. 

Талқылау