Алмасадам Сәтқалиевтің тұңғыш президентпен туыстық байланысы жоқ – Министрлік
Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде пайда болған ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің қызы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін желіде Алмасадам Сәтқалиевтің қызы сыныптасы Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз ұлымен кездеседі деген ақпарат тараған. Осыған орай министрлік пікір білдірді.
"Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: Энергетика министрінің қызы сыныптасымен ешқандай жеке қарым-қатынаста емес. Алмасадам Сәтқалиевтің өзі де тұңғыш президентпен туыстық байланысы жоқ", - делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.
Ведомство заңға сәйкес, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"