Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Әнуарбек болашақ аналарға спортпен шұғылдануға кеңес берді

Танымал актриса болашақ аналарға ақылын айтты. Ол жүкті әйелдерге диванда жата берудің орнына белсенді түрде спортпен шұғылдануға кеңес берді.

17127188_377099286022412_12672885122400256_n — копия

Фото: instagram.com/aliya_anuarbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлия Әнуарбек алғаш рет жүктілік кезінде түскен суретін көрсетті. Осы уақытқа дейін ол кәсіби мамандар түсірген суреттерді ғана бөлісетін. Бұл жолы, тіпті, қандай спорт түрлерімен шұғылданғанын айтып берді. Актриса тоғыз ай ішінде 15 килограмм салмақ қосқан екен.

«6-айға дейін фитнес залға тұрақты түрде бара алмадым. Барлығы тек 6-шы айдан кейін реттеле бастады. 41-аптаға дейін күнде бардым десем де болады. Аптасына үш рет аяғы ауыр келіншектерге арналған бассейнге бардым. Тағы үш күнімді йогаға арнап отырдым. Эллипсте қыздырынып, аптасына бір рет фитболда өзім жаттықтым. Бастапқы уақытта жүкті келіншектерге арналған сабақтарға қатысып, денемнің бұлшық еттерін қатайттым. Алайда 8-айда қатты қиналып кеттім.

17127188_377099286022412_12672885122400256_n

Осының салдарынан тек бассейнге, йогаға және фитболға бардым. Жағдайым толықтай түзеліп, арқамның ауырғаны қойды. (Ал бастапқы 6 айда арқамның ауырғанын айтып жылай беретінмін.) Өзімді сондай сергек сезіндім. 40-аптада жүзу жаттықтырушысы менен абай болуымды қатты өтінгені есімде. Нәтижесінде болашақ аналардың барлығына жүзумен, йогамен айналысуға кеңес беремін. Бұл диванда жатқаннан әлдеқайда жақсы. Ал жүктілік кезінде мен тек 15 килограмм салмақ қостым», – дейді Әлия Әнуарбек.


Жіберіп алмаңыз:

Шашын алқызыл түске бояп тастаған Жеңіс Ысқақова тағы да сынға ұшырады

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Талқылау