Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов: Менің төсегімде әрдайым әртүрлі адамдар болады

Әлішер Кәрімов "Время" газетіне берген сұхбатында қонақ үйде өзін жалаңаш күйінде кімнің суретке түсіргенен айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлішер Кәрімов: Менің төсегімде әрдайым әртүрлі адамдар болады

"Менің төсегімде әрдайым әртүрлі адамдар болады. Олар менімен іс-сапарға баратын адамдар. Жақындарым, достарым. Әкімшілер мен музыканттар. Мұндай фотосуреттер енді жоқ, өйткені бір құрметті әйел маған қоңырау шалып: "Сіз қазірдің өзінде Қазақстанның көрнекті қайраткерісіз, енді мұндай фотоларды көрсетуге құқығыңыз жоқ. Сіз басқа жағынан үлгі көрсетіңіз", -  деді. Мен оған "жарайды" дедім. Маған әзілдеген ұнағанымен,  оның пікірін тыңдадым, өйткені оның маған деген құрметі зор, шығармашылығымды жақсы көретінін білемін. Демек бұл шын жүректен айтылды деп ойлаймын", - дейді әнші.

Әлішер одан бөлек денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Менде қарапайым адамдық проблемалар жоқ деп ойлауға болмайды. Мәселен, бір жыл бұрын мен омыртқама ауыр ота жасатқанымды, бірнеше ай бойы қалтамда бірде-бір теңге болған жоқ, - дейді Әлішер Кәрімов.

Сонымен қатар, әнші денсаулығын ретке келтіру үшін қандай ота жасатқанын айтты. 

Менің омыртқам 50 градусқа майысқан еді. Сондықтан мен бүкірейіп, алдыңғы кеудемнен  қабырғам шығып тұратын. 11 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Омыртқамды түзеді. Соның нәтижесінде менің бойым 6 см-ге ұзарды",- деді ол. 

Әлішер Корей елінде ауыр ота жасатқанын, блефаропластикаға жүгінгенін жасырмады. 


Оқи отырыңыз: "Махаббат жасқа қарамайды": Тамара Асардың бетін сүймек болған Әлішер Кәрімов сынның астында қалды 

Талқылау