Жаңа жыл мерекесінде алып шошқалар өз иесін жеп қойған
Польшада 71 жастағы фермердің мәйітін үй ауласынан көршісі тапқан. Ол жаңа жылдан бері көрмеген досын іздеп үйіне келген, бірақ шашылған сүйектер мен құдықтың жанында жатқан бассүйектің сынықтарын тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, зейнеткерді өзінің венгерлік мангалиц тұқымды алып шошқалары жеп қойған. Орын алған трагедияның толық мән-жайы әлі анықталуда. Биліктің айтуынша жануарлар қожайыны өлген кезде жеген деген болжам айтады. Зейнеткердің құдықтан су алған кезде жүрегі ұстап қалуы мүмкін. Алайда көршісі аш шошқалар тірі адамға шабуыл жасай алды деп санайды. Оның айтуынша, қаза тапқан адам мас болып, көшеде ұйықтауы мүмкін.
"Ол шошқаларын тамақтандыруды ұмытып, ұйықтап кеткен. Бұл шошқалар үлкен, олар барлық учаскеде жүгіреді, оларға ештеңе жетпейді. Біз олардан қорқып жүреміз", - дейді көршісі.
Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды. Зооқорғаушылар шошқалар адам жей алатынына сенбейді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”