Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біле тұра кесарь отасын жасамады": Алматы тұрғыны әйелі мен ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлады

Жарынан және жаңа туған баласынан айрылған Алматы тұрғыны Алматы қалалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігерлерін айыптап, олардың жауап беруін талап етті.

Әміре Бахытжановтың айтуынша, ауруханаға түскенге дейін әйелінің денсаулығында сыр болмаған, жүктілік уақыты жақсы өткен. Ауырсыну шағымдары болған жоқ. Нәресте де жақсы дамыған. Оның өліміне дәрігерлер кінәлі деп санайды.

"Әйелім 2020 жылдың 10 мамырында Алматы қалалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына келді. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде шарананың үлкен екендігі анықталды. 12 мамырда әйелім босанды. Баланың салмағы 4780 грамм, бойы 56 сантиметр болатын ұл туды. Нәресте миының нөлдік белсенділігімен дүниеге келді. Әйелім көп қан жоғалтты. Босанғаннан кейін тексергенде амниотикалық сұйықтық эмболиясы болған. Оны жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Кешкі 19:22-де жүрегі тоқтады. 

15 мамырда менің ұлым шетінеп кетті. Барлық ультра-дыбыстық зерттеуде шарананың үлкен екенін анық көрсетілген. Дәрігерлер көз мөлшермен қарағанда іштегі шарана аса үлкен болып көрінбегенін айтты. Сондықтан кесар тілігі отасын жасатпауды жөн деп шешкен. Қазір 19-ғасыр емес. Не себепті зерттеуден өткізбеді? Не себепті кесарь отасын жасамады? Бұл жағдайды көпшіліке мәлім еткіміз келмеп еді, бұл іске кінәлі жандар айыпталған жоқ. Түк болмағандай жұмысын жалғастыра берді. Әділдікке жете алмай жүргендіктен, қоғамның алдында айтуға тура кеп тұр", - деп жазды Әміре желіде. 

Бұл іс бойынша тергеу әлі жүріп жатыр. 

Талқылау