Алып астероид 29 қарашада Жерге жақындайды
Жерге 370-тен 820 метрге дейінгі 153201 (2000 WO107) астероид жақындап келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NASA жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығының сайтына сілтеме жасап.

Астероид 29 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де Жерге ең жақын қашықтыққа келеді. Астероид пен Жер арасындағы қашықтық 4 миллион км-ден асады. Бұл Айға дейінгі қашықтықтан 11 есе көп, сондықтан ол планетамызға қауіп төндірмейді.
- Сарапшылар ақырзаманның 4 сценарийін сипаттап берді
- Ғалымдар: 6 миллиард жылдан кейін Күн қартайып, айналасындағы астероидтарды жояды
- Жердегі тіршіліктің пайда болуының жаңа себебі аталды
Дегенмен ғалымдар астероидтың қауіптілігін жоққа шығармайды, өйткені ол Жер шарының орбитасынан кесіп өтеді. Спектрлік талдау көрсеткендей, қатты тасты дененің құрамында никель, темір және кобальт бар. 600 мың астероид туралы ақпарат жинақталған Asterank мәліметтер қорының бағалауынша, 2000 WO107-дегі пайдалы қазбалардың құны 17,4 миллиард долларға бағаланады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"