Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алимент төлемеу үшін: Әкесі туған ұлын суға батырып өлтірген

Өзбекстанның Наманған қаласында әкесі өзінің бір жасар ұлын су ағатын арыққа лақтырып жіберген. Салдарынан сәби көз жұмды.

Алимент төлемеу үшін: Әкесі туған ұлын суға батырып өлтірген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі«Служба новостей Центральной Азии» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жоғары сотқа сілтеме жасаған БАҚ мәліметінше, Наманғанның қылмыстық істер бойынша облыстық соты 26 жастағы Расулбек Ташпулатов өз ұлын қасақана өлтірді деп таныған. 

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы шаңырақ көтерген Ташпулатов 2018 жылдың 4 шілдесінде әке атанып, ұлы өмірге келген. Алайда 2019 жылдың 24 сәуірінде ол әйелімен ажырасып кетіпті. Себебі ұлы өзіне ұқсамайтынын айтып, күмән келтірген. 

Сот шешімі бойынша, Расулбек Ташпулатов ұлы 3 жасқа толғанша өз табысының 70 пайызын алимент ретінде төлеуге міндеттелген. 

Алайда ол 8 шілдеде өз ұлын ұрлап әкетіп, су ағатын арыққа лақтырып жіберген. Артынша ұлы суға батып кеткенше бақылап тұрыпты.

Сот ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Туыстары марқұм туралы айтып берді

Марқұм таяуда ғана 30 жасқа толған екен

Әлемдегі шіріген бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы

Рейтингтегі екінші орынды АҚШ иеленіп, оның ізін Жапония жалғады

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр
Çàãðóçêà...