"Әлі екеуі жоқ": Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14-ке жетті
Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталады. Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сондай-ақ жоғалған тағы екі адамды іздеу жалғасып жатқаны айтылады.
Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығыме Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар "Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді. Салдарынан 13 адам қаза тапты.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды