Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғаш рет құс тұмауының жаңа түрін жұқтырған адам мерт болды – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде алғаш рет 59 жастағы мексикалық A (H5N2) жаңа құс тұмауын жұқтырып, қайтыс болғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: report.az

Ер адамдың қайтыс болғанына 2 ай өтсе де, денсаулық сақтау ұйымы бұл туралы енді хабарлап отыр.

Ол үй құстарымен немесе өзге де жануарлармен байланыспаған. Вирусты қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз. Жалпы A (H5N2) вирусы Мексикадағы үй құстарында тіркелген.

"17 сәуірде пациентте қызба, демікпе, іш өту, жүрек айну мен жалпы әлсіздік белгілері байқалды. 24 сәуірде науқас медициналық көмекке жүгінген. Одан соң "Исмаэль Косио Вильегас" ұлттық респираторлық аурулар интститутына жатқызылып, жағдайының асқынуы себепті сол күні қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Қазір ДДСҰ адамдар арасында вирустың әрі қарай таралу қаупі төмен деп бағалап отыр.



Еске салайық, бұған дейін 2020 жылы басталған індет ондаған миллион құстың қырылуына әкелгенін жазған едік. Жақында вирустың бірнеше сүтқоректі түрлерінің, соның ішінде Америка Құрама Штаттарындағы малдың арасында таралуы вирустың адамдарға таралу қаупін арттырды.

Талқылау